Ел екпеден неге үркеді?
Ел екпеден неге үркеді?
451
оқылды

Этикалық және діни көзқарастарына сәйкес иммун­дауға қарсылық танытатындар да бар. Мәселен, былтыр елімізде профилактикалық вакцинациялауға келісім бер­меудің 5 750 жағдайы тіркелген. Екпеге қарсы болған ата-аналардың 40 пайызы өзіміздің ой-пікіріміз бар дей­ді, 35 пайызы дін мәселесін келтіреді, 6 пайызы вак­ци­наға сенбейді. Діни көзқарастағылар көбіне себебін айт­пай, жасырады. Олар негізінен 40 пайыздан да көп екен.

Дүниежүзілік денсаулық сақ­тау ұйымы вакцина болмаған ке­зең мен вакцина егіліп жатқан бү­гінгі заманның арасалмағын ажы­ратып берді. Бала шыр етіп дү­ниеге келген күні 3 рет, ес бі­ліп, етек жиғанға дейін 21 рет ек­пе алады. Осы екпелер 27 түрлі жұқ­палы ауруды ауыздықтайды. Рес­ми деректерге сенсек, әртүрлі вак­циналардың арқасында әлем бойынша жылына 3 миллиондай сә­би ажал тырнағынан аман қа­лады. 750 мың бала мүгедек болу қаупінен арылады. Соған қа­ра­мас­тан, елімізде соңғы 5 жылда ек­пе­ден бас тартушылар саны үш есе­ге артқан.

Дәл осы екпеге еліміз мил­лион­­даған қаржы бөліп отыр. Он­д­а неге бас тартамыз? Мүмкін, оның біз білмейтін басқа да зиян­ды жақтары бар шығар?! Осы ар­қылы жер шарындағы талай жан өлімнен, мүгедектіктен аман қалды. Талайдың тағдырын үз­ген шешек, оба аурулары осы вак­­­цинаның арқасында жойыла бас­тады. Екпе егу адамзат бала­сы­ның үздік жетістігінің бірі десек те, белгілі бір аурудың алдын алу­ға тиіс екпенің сол ауруды қоз­дыратын зияны бар екені де айтылып қалады. Себебі сол кей­бірінің құрамында сынап секілді зиянды қоспалар, маймыл, шош­қа қанының компоненттері мен клеткалары бар деседі. Ес­те­ріңіз­де болса, 2015 жылы қы­зыл­­шаға қарсы екпеден соң оқу­шылардың жаппай ауруханаға түсу оқиғасы тіркелді. Еліміздің бар­ша тұрғындарын елеңдеткен бұл дүмпу 400-дей жасөспірімнің вак­цинадан соң өзін жайсыз се­зінгеннен басталды. Кейбірі есі­нен танып, құлаған. Дәл осы жы­лы Павлодарда тағы екі оқушы қыз папилома вирусына қарсы ек­педен соң, жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты. Міне, бұл жағдай ек­педен бас тартатындардың се­ні­мін нығайтып, екпеге қарсы емес­тердің кеудесіне күдік ұя­лат­ты. Екпені қауіпті деп есеп­тей­тін­дердің басым бөлігі Оңтүстік Қазақстан, Атырау және Батыс Қазақстан облысында екен.

Бүгінде еліміз бойынша про­филактикалық егу жазбаша келі­сім немесе бас тартқандығы жайлы қол­хатпен реттеледі. Осыған дейін Денсаулық сақтау министрлігі ин­фекциялық ауруларға қар­сы балаларға егуді заңмен мін­дет­теу­дің жобасын әзірледі.

Ал басқа елдердің тәжірибесіне ба­жайлап қарасақ, екпе қабылдау­ды міндеттейтін қатал талапты кө­­­реміз. Мәселен, Италияда 2019 жыл­дың наурыз айында қабыл­дан­ған жаңа заң бойынша екпе қабылдамаған балалар мектеп пен балабақшаға кіргізілмейді. Егер оқушы сабаққа екпе салынғаны туралы анықтамасыз барса, оның ата-анасына 500 евроға дейінгі көлемде айыппұл салынады екен.

Ал Австралия 2016 жылы «Вак­ци­нациясыз әлеуметтік көмек жоқ» деген заң енгізіп үлгерді. Бұл заң бойынша елде баласын екпе күнтізбесінен кешіктіргендер табысы төмен отбасылар үшін бе­рілетін әлеуметтік жәр­де­ма­қы­дан қағылады. Бұл елде екпесі тү­гел емес бала балабақшаға б­а­ра алмайды. Негізінен, Батыс ел­дері­нің көбі профилактикалық егу­лері болмаса, шекарадан өтуге тыйым са­лады. АҚШ, Англия ЖОО-да профилактикалық егулердің мін­детті түрде болуы талап етіледі. Сауд Арабиясы қажылыққа ниет ет­кен миллиондаған мұсылманды ме­нингококты инфекцияға егіл­месе, Мекке мен Мәдинеге жол­да­ма бермейді.

Ал бізде әлі күнге дейін им­му­­низацияның кері әсері ту­ра­лы жағымсыз ақпарат жиі та­рай­ды. Әсіресе, аутизм, ДЦП дер­тіне шалдығатыны туралы тек­серілмеген фактілер әлеуметтік же­ліде өте жоғары деңгейде та­рап жатыр. Тіпті, Мәжіліс де­пу­таты Бекболат Тілеухан өткен ап­тада «Халық денсаулығы жә­не денсаулық сақтау жүйесі ту­ра­лы» кодексті талқылайтын жұ­мыс тобының отырысында вак­цинацияны «міндеттеу» туралы ұсы­нысқа қарсылық танытты. Де­путат заң қабылданса, мандатын тап­сырса да, соңына дейін күре­сетінін айтып салды.

Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау ко­митетінің бас сарапшысы Нұр­шай Әзімбаева вакцинадан бас тартып, соның кесірінен вак­­­цинамен басқарылатын ин­фек­циялармен науқастану жағ­дайы жиілеп кеткенін айтады. «Алдыңғы жылы Ақтөбеде 20 жас­тағы азамат құтырма ауруына шал­дығып, вакцинациядан бас тарту салдарынан қайтыс болған. Биыл наурыз айында Ақмола облысында ересек адам көп жылдар бойы сіреспеге қарсы егіл­меген. Соның салдарынан элек­трмен тұрмыста жарақат алып, ешқандай медициналық кө­мекке жүгінбеген. Сіреспе ауруы тіркеліп, көз жұмды» дейді. Астана қалалық №2 балалар ау­руханасының бас дәрігерінің орынбасары Айдын Әшімханов: «Вакцинадан бас тартатын ха­лық санатына санитарлық-ағар­ту жұмыстарын жүргіземіз. Олар­мен арнайы кездесеміз. Түрлі дөң­гелек үстелдер өткіземіз. Вак­ци­наның адам ағзасына маңы­зын түсіндіреміз. Міне, осын­дай түсіндіру жұмысының нә­­тижесінде мыңнан астам жан­ның екпеге деген күдігі сейіліп отыр. Меніңше, осындай жүйелі жұ­мыстарды тоқтатпау керек», – дей­ді.

Вакцинаның қауіпті болатын тұсы балалардың сырқаттанып тұр­ған кезінде екпе жасатуында екен. Мысалы, суық тиіп тұрған кіш­кентайлардың 5 пайызының қызуы көтеріліп, кейбір кез­де құ­рысуға әкеп соғады. Дәрі­гер­лер­дің айтуынша, бала суық тиіп ауырса, одан әбден айыққаннан кейін барып екпе салдыру керек. Егер олай етпей, жасырып, тезірек алуды ойласа, соңы көбіне сондай сал­мақты ауруларға апаруы мүм­кін.

Қазіргі екпелер Алматыдағы дәрі­лік заттар мен медициналық бұйым­дарды сараптау орталы­ғы­ның осы зертханасында тек­сері­леді. Дәрілік заттарды, ме­ди­­циналық бұйымдарды және ме­дициналық техниканы са­рап­тау ұлттық орталығының бас маманы Өзипа Туғанбаева кей­де көпсатылы тексеру кезінде ек­­пенің ережеге сай болмай шы­ғатынын жасырмайды. «Не­гізі вакцина мұздаған үлгіде сақ­талады. Зауыттан шығып бі­з­ге әкелінгенге дейін белгілі бір температурада жеткізіледі. Әкел­ген кезде термодатчигі бо­­лады. Олар міндетті түрде тоңа­зытқышта сақталады. Шыны ке­рек, кейде құжаттары келмей жа­тады, кейде фармакологиялық тек­серуден өткенде клиникалық зерттеулері аз болады. Кей кез­де бір көрсеткіштері өтпей қал­ғ­ан вакциналар ары қарай өт­кі­зілмейді. Яғни, вакцинаны та­сы­малдау, сақтау, қолдану жұмысы қатаң қадағаланады. Емдік мекемелерде екпенің бір ай­лық мөлшері ғана сақталады, қажетінше ай сайын жаңартылып отырады. Облыстық, аудандық деңгейде вакцина үш айдан артық сақталмайды», – дейді ол.

Дәл қазіргі қоғам екпе егуге кел­генде, осылай екіге жарылып отыр.


Сіз не дейсіз?

 

Жандарбек.JPG

Жандарбек БЕКШИН,
Қазақстанның
бас санитарлық дәрігері:

– Қазақстандықтардың 95-96 пайызы екпе ектірген. Бұл – жоғары көрсеткіш. Бүгінде медицина са­ласы қызметкерлерінің барлығы жұқ­палы ауруларға қарсы вак­ци­наны салдырады. Өйткені олар эпи­демияны таратушы әрі тез қа­былдаушы мамандық иелері. Со­нымен бірге біз құзырлы ор­ган­дарға вакцинаны міндетті сал­дыру туралы ұсыныс беріп қой­дық. Әзір­ге, нақты шешім шық­қан жоқ. Бұған не себепті ба­рып отыр­ғанымызды түсінетін шы­ғар­сыздар. Қазір жас ата-ана­лар балаларына вакцина салдыруды қаламайды. Олардың организмі кө­термей қалуы мүмкін деп қауіп­тенеді. Әрине, мұндай үрейдің болғаны жөн. Себебі саналы адам ба­ласына және өзіне салынатын дә­рілік препараттардың не екенін, оның пайдасы мен зияны жөнінде білгені, ізденгені жөн. Бірақ сол ата-аналар көбінде анықталмаған ақ­параттарды негізге алып осын­дай шешім шығарғандарын айта­ды. Бұл –жаңсақ пікір. Вакцина ба­лаларға зиян келтіретін бол­са, оны әлем елдері жаппай қол­дан­ба­ған болар еді.

 

Марат.JPG

Марат СӘРСЕМБАЕВ, 
«Қазақстанның халал индустриясы»
қауымдасты­ғының төрағасы:

– Қанша­ма ба­ла альцгей­мер­мен, аутизм­мен ауы­рып жатыр. Қанша адам туберкулезге шал­дыққан. Неге? Өйткені екпенің құрамында фор­­маль­дегид бар. Ол дегенің – канцероген. Оның қандай дозасы рак шақыратынын еш­­кім білмейді. Екінші мәселе – сынап. Оның қанша дозасы аутизмге әсер ете­ді. Егер ол күнделікті ішіп отырған ас-ау­қа­тымыздан шықса, улап-шулап, зауытты жауып тастар едік. Ал оны осы тәсілмен балаларымызға оп-оңай беріп отырмыз.