Көшеге Желтоқсан көтерілісінің құрбаны Сәбира Мұхамеджанованың есімі беріледі
Көшеге Желтоқсан көтерілісінің құрбаны Сәбира Мұхамеджанованың есімі беріледі
385
оқылды

Өскеменде көшеге Желтоқсан көтерілісінің құрбаны Сәбира Мұхамеджанованың есімі беріледі. Бұл туралы қала әкімі Жақсылық Омар әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, – деп хабарлайды Altaynews.kz.

Келер жылы қастерлі Тәуелсіздігімізге 30 жыл толады. Ал ызғарлы Желтоқсанда намысшыл жастардың алаңға шыққанына 35 жыл болмақ. Осыған орай  Өскеменде бірқатар маңызды шараларды жүзеге асыру жоспарланған.

– Бұл туралы Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының қатысушыларымен кездесуімде кеңінен талқыланды. Басқосуға Өскемен қаласында тұратын 10 шақты желтоқсаншымен бірге «Желтоқсан-86» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Маратбек Рамазанов та қатысты. Алдағы уақытта іс-шаралардың кешенді жоспары құрылып, бекітіледі. Оларды жүзеге асыруға қалалық әкімдік тарапынан қолдау көрсетіліп, арнайы қаражат бөлінеді, – деді әкім.