Сырдан сыр тартсақ...
Сырдан сыр тартсақ...
131
оқылды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа арнаған бір сөзінде: «Әлемдік нарыққа шығатын бір жол бар. Ол – ауыл шаруашылығы» деп еді. Ал Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында: «Ауыл шаруашылығы біздің негізгі ресурсымыз, бірақ оның әлеуеті толық пайдаланылмай отыр. Ел ішінде ғана емес, шетелде де сұранысқа ие органикалық және экологиялық таза өнім өндіруге зор мүмкіндіктер бар. Біз суармалы жер көлемін кезең-кезеңімен 2030 жылға қарай 3 миллион гектарға дейін ұлғайтуымыз керек. Бұл ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін 4,5 есе арттыруға мүмкіндік береді» деп атап көрсетті.

Ауыл шаруашылығы өркен­де­ген Сыр елінде бұл сала эконо­ми­ка­н­ың негізгі драйвері екені айқын. Жыл сайын бұл салада ілгерілеу байқалады. Об­­лыстық ауыл шаруа­шы­лығы бас­қармасының мәлі­метін­ше, 2019 жыл­дың 8 айында 35,9 млрд теңге­нің өнімі өндіріліп, өткен жылдың осы кезеңімен са­лыс­­тырғанда өсім 2,7 пайыз арт­қан. Тамақ өнімдерін өң­­деу көлемі осы кезеңде 25,8 млрд тең­ге болып, 8,8 пайыз ұлғайды. Ауыл шаруа­шы­лығының негізгі қо­рына салынған инвестиция кө­лемі қаңтар-тамыз айларында 2 045,5 млн теңгені болып, 2018 жыл­дың 8 айына қарағанда 2,2 есе өсіп отыр. Мал санында да өсім бай­қа­лады. Төрт түлікті түгендесек, өт­кен жылдың осы кезеңімен са­лыс­тыр­ғанда ірі қара – 6,7, қой мен ешкі – 9,4, жылқы – 12,6, түйе 6,7 пайыз көбейді. Сондай-ақ аг­рар­лық секторға көрсетілген мем­лекет қолдауы былтырғыдан 28 пайыз артқан. Биыл облыс бо­йынша 183,1 мың гектар жерге егін егіл­ді. Оның ішінде дәнді дақылдар – 97,5, майлы дақылдар – 7,9, мал азықтық дақылдар – 60,2, картоп, көкөніс, бақша – 17,4 мың гектар. Негізгі дақыл – күріш 87,9 мың гектар. Қазір аймақта егін жинау науқаны қарқынды жүріп жатыр. Облыс бойынша 87,9 мың гектар күріштің 42 078 гектары орылып, оның 33 290 гектары бастырылып, 165,3 мың тонна өнім алынды. Орташа өнім көлемі – 49,7 центнер. Өңірде ерте егілген 3,8 мың гектар күздік бидай толығымен жиналып, 9,7 мың тонна, 4,1 мың гектар жаздық бидайдан 4,5 мың тонна, 527 гектар жаздық арпадан 440,4 тонна және 63 гектар сұлыдан 45,4 тонна өнім алынды. Сонымен қатар картоптың әр гектарынан 126 центнер, көкө­ністен 171,5, бақ­ша­дан 213 центнер өнім алынуда. Мақ­­­­сары дақылын жинау аяқ­тал­ды. Бүгінде 7,7 мың гектары жина­лып, 7 мың тонна өнім түсті. Ауыл шаруа­шылығы үшін техниканың са­қадай-сай бо­луы – басты мәселе. Елімізде ауыл шаруашылығы тех­никаларын жа­ңар­ту жүйелі жүр­гізіліп келеді. Бү­гінде егін жинау жә­не дала жұ­мыс­тарына 1 636 трак­тор, 806 ком­байн, 460 жатка, 323 авто­ма­шина, 766 трактор тір­кемелері қатысуда. Биыл ауыл­шаруа­шылық құры­лымдары «Қаз­АгроҚаржы» АҚ арқылы барлығы 5,4 млрд теңгеге 167 ауылшаруа­шы­лық тех­ни­ка­ла­рын сатып алса, егін жи­науға мем­ле­кет тарапынан 16 мың тонна ар­­­зан­датылған дизель отыны бө­лін­ген.

Егін жинау жұмысына білек сы­бана кіріскен Сыр диқандары­ның еңбегі еленер күн жақын. Соңғы бес жыл қатарынан рекорд көрсеткіштен түспеген күрішшілер биыл да биіктен көрінетіні сөзсіз. Сыр елінде мал шаруашылығының жайы айтылғанда «мал басының өсімі жағынан ең табысты деген 1993 жылдан асып кеттік» деген са­­лыс­тырмалы бағалау жиі қол­да­ны­лады. Қазір облыс бойынша
7 462 бас мүйізді ірі қара, 68 127 бас қой, 6 380 бас жылқы, 3 547 бас түйе бар. Мемлекеттік қолдаудың нә­ти­жесінде облыста асылтұқымды мал басының өсу динамикасы білінеді. Асылтұқымды мал шаруашылығын дамытуға, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арт­тыруды субсидиялауға биыл жер­гі­лікті бюджеттен 2 684,2 млн теңге қар­­жы қарастырылған. Мал шаруа­шы­лығын қолдауға арналған «Сы­баға» бағдарламасы арқылы биыл «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ға 8 шаруашылықтан 1 091 бас ірі қара алуға өтінім түссе, «Ауыл­шаруашылығын қаржылай қолдау қо­ры» АҚ-ға 8 шаруашылықтан 927 өті­нім түскен. Сонымен қатар 20 516 бас қой сатып алуға 82 шаруа­шы­лықтан өтінім түсіп, 12 273 бас қар­жыландырылған. Биыл барлы­ғы 46 417 бас мал сатып алуға өтінім қабылданып, 77,4 пайызке жоспар орын­далған. Ауыл шаруа­шы­лығы өнім­дерін өңдеу – сала­дағы кө­кей­тесті мәселенің бірі. Ста­тис­ти­калық деректерге сүйен­сек, тамақ өнім­дерін өңдеу бойын­ша барлығы 25,8 млрд теңгенің өні­мі өндіріліп, өткен жылдың осы ке­зеңімен са­лыстырғанда 8,8 пайыз болған.


Егін жинау жұмысына білек сыбана кіріскен Сыр диқандарының еңбегі еленер күн жақын. Соңғы бес жыл қатарынан рекорд көрсеткіштен түспеген күрішшілер биыл да биіктен көрінетіні сөзсіз. Сыр елінде мал шаруашылығының жайы айтылғанда «мал басының өсімі жағынан ең табысты деген 1993 жылдан асып кеттік» деген салыстырмалы бағалау жиі қолданылады. 

Салада ұсақ шаруашылықтарды біріктіру жұмысы жүргізіліп жатыр. Бүгінде облыста барлығы 2 199 же­ке шаруашылықтың бірігуімен 86 кооператив жұмыс істеуде. Бұл жұмысты ілгерілету мақсатында өңір­де жеңілдетілген несие беру жал­ғасып жатыр. Бүгінгі күнге «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ 4 кооперативтің мүшелеріне барлығы 15,8 млн теңге несие берді. Сонымен қатар «Қара­пайым заттар экономикасы» бағ­дар­­ламасы аясында несиелен­діріл­мек. Бұл ауылшаруашылық құры­лым­дарының ісін ілгері жылжытуға үлкен сеп екені сөзсіз. Президент Жолдауында ауыл шаруашылығы өнімін экспорттау ісінде шикізатқа не­гізделуден бас тарту қажеттігі атап айтылған болатын. Былтыр об­лыста 34,5 млн долларды құрай­тын 95,8 мың тонна ауыл шаруа­шы­лығы өнімдері экспортталып, 2017 жылмен салыстырғанда 18,2 пайыз артқан. Оның ішінде өңдел­­ген ауыл шаруашылығы өнімдері­нің үлесі – 94,5 пайыз. Экспорттал­ған өнімнің өткізу нарығында Тә­жікстан, Ресей, Украина, Өзбек­стан, Әзірбайжан мемлекеттерінің үлесін атап айтуға болады. Биылғы тамыз айына дейін облыстан 18 608,3 мың доллар болатын 44 533,8 тонна ауыл шаруашылығы өнімдері экспортталды. Айта кетелік, 2013 жылы экспортқа 3 түрлі өнім шы­ғарылса, бүгінде оның саны 19-ға жеткен. Біз әлі де кәдеге жарата алмай жүрген малдың жүні де экс­портқа шыға бастады. Мәселен, Қы­тайға 20 тонна жүн экспорт­тал­ған. Сондай-ақ жыл басынан бері Иранға 789 бас қой, Өзбекстанға 59 бас түйе, 250 бас ірі қара малы, Бірік­кен Араб Әмірлігіне 950 бас қой жөнелтілген. Жыл соңына дейін Иранға 150 бас ірі қара малы, Біріккен Араб Әмірлігіне мың бас ірі қара мал мен 200 бас қой және бақша дақылдарын экспорттау жоспарланып отыр.

Биыл салаға серпін берер құны 8 млрд теңгені құрайтын инвес­тициялық жобалар жүзеге асуда. Атап айтар болсақ, «Сыр маржаны» ЖШС-ның экспортқа бағытталған жылдық қуаты 5 мың тонна ет өң­деу комбинатының құрылысы жү­ру­де. Қала іргесіндегі Талсуат елді ме­ке­нінде орналасқан ет ком­би­наты іске қосылғанда шұжық, кон­сервіленген ет өнімдері шыға­ры­латын болады. 25 адамды жұмыспен қам­титын комбинат өнімінің 60 пайы­зы экспортқа бағытталған. Қар­мақшы ауданындағы «Қар­мақ­шы құс» ЖШС жылына 1 500 тонна құс етін өндіретін фабрика құры­лысын жүргізуде. Жыл соңына дейін іске қосылатын фабриканың 95 пайызы аяқталды. Сондай-ақ «Каз­АгроМир» ЖШС-ның Қы­зы­лорда қаласындағы автоматтан­ды­рылған кешенді жылыжайы биыл іске қосылмақ. Жылыжайға Ита­лия­дан 425,1 млн теңгеге құрал-жаб­дықтар әкелініп, орнатылды. Бүгінде электрмен, сумен жабдық­та­лып жатыр. Қармақшы ауданын­да­ғы «Жаңажол» ЖШС-да қуатты­лығы сағатына 5 тонна күріш ақ­тайтын қытайлық зауыт іске қо­сылды. Арал ауданында «Ақбай» шаруа қожалығының «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпора­циясы» АҚ-мен бірге «Мал сою пунк­ті және асылтұқымды репро­дуктор шаруашылығын құру» жо­басы жүзеге асты. Тәулігіне 10 бас ірі қара малын союға арналған пункт­тің құрылыс-монтаждау жұ­мы­сы аяқталып, енді құрал-жаб­дық­тармен қамтылып жатыр. Биыл іске қосылуға даяр инвестициялық жобалар бұл ғана емес. Жаңақорған ауданында «Барыс Агро» ЖШС-ның мал сою пункті, Арал ауда­нында «Аста» ЖШС-ның тәулігіне 15 тонналық балық өңдеу цехы және «Әулиетөбе» шаруа қожа­лы­ғының 120 бас ірі қара малына ар­налған репродуктор шаруа­шы­лығы, Қармақшы ауданында «Тұр­маған­бет» ЖШС-ның жылына 365 тон­на сүт қабылдау және қайта өң­деу цехы, Жалағаш ауданын да «Агро­Лидер Таң» ЖШС-ның жы­лына 120 тонна ет өңдеу цехы, Шие­лі ауданында «Жылқайдаров» ШҚ-ның мың басқа арналған мал бор­дақылау алаңы, Қызылорда қа­ласында «МТС АС Агро» ЖШС-ның мал борда­қы­лау алаңы іске қо­­­сылмақ.


Миуа НАЗАР,
Қызылорда облысы