Мерзімі өтіп кеткен ПТР-тестпен келген екі шетелдік Қазақстаннан шығарылды
Мерзімі өтіп кеткен ПТР-тестпен келген екі шетелдік Қазақстаннан шығарылды
217
оқылды
15 желтоқсанда Қазақстан Республикасының аумағына Израиль, Ұлыбритания, Германия, Франция, Оңтүстік Корея, Мальдив Республикасы, Мысыр, Түркия, БАӘ, Ресей, Қырғызстан және Өзбекстаннан 13 халықаралық әуе рейсі келіп қонды, деп хабарлайды ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметі. 13 халықаралық әуе рейсімен Қазақстанға барлығы 1 612 жолаушы ұшып келген. Олардың ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 465 адам, анықтамасыз 147 адам (ҚР азаматтары) келген.
«Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестілеуден өтті. Карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтіп жатыр. Бір күн бұрын, 2020 жылдың 14 желтоқсанында анықтамасыз келген 81 адамның ПТР-талдау нәтижелері бойынша Ыстанбұл – Алматы рейсімен ұшып келген Қазақстанның 2 азаматынан коронавирус инфекциясы анықталды», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, Түркиядан ұшып келген Шри-Ланка мен Қырғызстан азаматтарында коронавирусқа тест анықтамаларының мерзімі өтуіне байланысты олар Алматы қаласының әуежайынан депортацияланды.