Баласын күйеуіне тастап, қашып кеткен келіншек 3 аптадан соң табылды
Баласын күйеуіне тастап, қашып кеткен келіншек 3 аптадан соң табылды
295
оқылды

Алматы облысында 19 жастағы келіншек баласын күйеуіне тастап, үйінен кетіп қалған.

Алматы облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, полицейлер отбасынан қашып кеткен келіншекті Шымкенттен тапқан.

Қарашаның басында Іле аудандық полиция бөлімшесіне Ақши ауылының тұрғыны келіншегі жоғалып кеткен соң, шағымданған. Келіншек бір жасар баласын күйеуінің қолына ұстатып кеткен.

Алматы облысы ПД баспасөз қызметі: «Іздеудегі келіншектің қайда кеткені үш аптадан кейін анықталды. Жоғалған әйел Шымкенттен табылды. Ол аман-есен өз отбасына оралды. Осыған дейін оның Шымкенттегі құрбысының үйінде тұрған» деп хабарлады.

Келіншек отбасылық ұрыс-керістен шаршап, қашып кеткені белгілі болды.