Түркия сыртқы істер министрі Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Түркия сыртқы істер министрі Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай Түркияда да бірқатар іс-шаралар өтті. 16 желтоқсанда Анкарадағы ірі ғимараттардың біріне Қазақстан мен Түркия тулары бейнеленсе, елдің Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлұ қазақстандықтарды бейнебаян арқылы арнайы құттықтады.

–  Дос әрі бауырлас ел Қазақстанның Тәуелсіздік күнін шын жүректен құттықтаймын. 16 желтоқсан 1991 жылы тәуелсіздігін жариялаған Қазақстанды мойындаған алғашқы мемлекет – Түркия болды. Тұңғыш президент, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен мемлекет басшымыз Ердоғанның төрағалығында қарым-қатынастарымыз стратегиялық серіктестік деңгейіне жетті. Қазақстанмен ынтымақтастығымызды ортақ тарих, тіл және мәдениет тұрғысынан барлық салада қарыштап нығайтып келеміз. 29 жыл бұрын қол жеткізген Тәуелсіздік алауы Қазақстанның жолына әрқашан жарқыратып тұруын тілеймін, – деді министр.

Меруерт ҚАНАҒАТ.