Қазақстанның бірқатар өңірінде ескерту жарияланды
Қазақстанның бірқатар өңірінде ескерту жарияланды
192
оқылды
"Қазгидромет" РМК еліміздің облыстарында 17 желтоқсанда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау-консультациясын жариялады. Антициклон жотасының ықпал етуімен еліміздің оңтүстік және шығыс аудандарында жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі, республиканың солтүстік және батыс аудандарында циклон жырасының әсерінен кей жерлерде қар жауады. Республиканың кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі сақталады, солтүстігінде – жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, күндіз екпіні 25 м/с жетеді. Ақмола облысының кей жерлерінде – тұман, жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы, Жамбыл, Түркістан, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.