Римде Абай орталығы ашылды
Римде Абай орталығы ашылды
211
оқылды

Тәуелсіздік күніне орай Қазақстанның Италиядағы елшілігінде Абай ақпарат-мәдени орталығы ашылды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Елшіліктің қолдауымен Қазақстанның Ұлттық аударма бюросы Абайдың «Қара сөздері» мен поэмаларын итальян тіліне аударды. Абай мұрасын шетелде насихаттау қазақ әдебиетін әлемге танытуға ықпал етеді.   [caption id="attachment_95884" align="aligncenter" width="800"]Абай Фото: gov.kz[/caption] Іс-шараға Қазақстанның Сан-Маринодағы Құрметті консулы Джованни Помпони, Санта-Чечилия академиясының профессоры Рафаэлле Колличенза, профессор Эдоардо Канетта, түрколог Элизабетта Раганин, Қазақстанның Кампания (Неаполь) аймағындағы Құрметті консулы Серджио Москати, Қазақстанның Ломбардия (Милан) аймағындағы Құрметті консулы Николо Андреа Гатто және БАҚ өкілдері қатысты. Жиында Абай мұрасын Қазақстан тарапынан Ұлттық академиялық кітапхана басшысы Үмітхан Мұңалбаева, Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Бауыржан Жақып, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының зерттеушісі Светлана Ананьева, ақын Орынбай Жанайдаров, ақын, Дарын жастар сыйлығының лауреаты Бекзат Смағұлов таныстырды.

Іс-шара соңында Санта-Чечилия академиясының профессоры Рафаэлле Колличенза фортепианода музыкалық шығармалар орындады.