Ректор Құрмет грамотасымен марапатталды
Ректор Құрмет грамотасымен марапатталды
329
оқылды

Бұл – университеттің оқытушылар мен студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамытудағы қызметінің бағалануы.

Университеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі негізгі міндеттерінің бірі – ISO 37001: 2016 халықаралық стандартының талаптарына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесін құру және енгізу.    width= Жүргізілген жүйелі жұмыстардың нәтижесінде 2020 жылы 24 маусымда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне ISO 370001: 2016 халықаралық стандартының талаптарына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесін енгізгені үшін еуропалық «EVROCERT» компаниясының халықаралық сертификаты республикамыз бойынша бірінші болып табысталды. Еске сала кетсек, өткен жылдың 7 қазанында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевтың қатысуымен «Парасат» орталығы ашылды. Орталықтың мақсаты – білім беру саласындағы ықтимал сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды, мәдениетті қалыптастыру және өскелең ұрпаққа парасаттылық қағидаттарын дарыту, сондай-ақ Академиялық адалдық кодексінің ережелерін іске асыру және халықаралық стандарт талаптарына сәйкес енгізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесінің қызметін қадағалау. Орталық өз жұмысында республикалық «Sanaly Urpaq», Білім және ғылым министрлігінің «Adal Bilim» жобалық кеңселерімен, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментімен, қала әкімдігімен, жастар ұйымдары және БАҚ өкілдерімен байланыс орнатады.