Айта кетейік, тоғызқұмалақ ойыны шамамен 4 мың жыл бұрын пайда болған. Тіпті мамандардың болжамынша, бұдан да көп уақыт болуы ықтимал. Тоғызқұмалақ – қазақ даласында кең тараған ойын.
Аңыз бойынша тоғызқұмалақты шопандар ойлап тапқан. Тоғызқұмалақ тақтасы ретінде олар жерді қазып, арнайы шұңқырлар жасаған.