Nur Otan-ның Павлодар облыстық филиалы бірқатар заң бұзушылықты анықтады
Nur Otan-ның Павлодар облыстық филиалы бірқатар заң бұзушылықты анықтады
161
оқылды

Nur Otan партиясының Павлодар облыстық филиалында партиялық бақылау комиссиясы мен қоғамдық кеңестің бірлескен отырысы өтті. Дөңгелек үстелде партияның 9 аудандық және қалалық филиалдарында жүргізілген тексеру нәтижелері талқыланды.

Мониторинг барысында өрескел заң бұзушылықтар анықталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі партиялық бақылау комиссиясы мен қоғамдық кеңестің бірлескен отырысында бірден бірнеше маңызды мәселелер көтерілді. Біріншіден, партияны қайта құрылымдау аясында олардың құрамы 70% жаңартылып, жаңа төрағалар тағайындалды.

Айтпақшы, соңғы рет қайта құру 10 жыл бұрын жүргізілген. Жаңа құрамда партиялық бақылау комиссиясы және қоғамдық кеңес партияның аумақтық филиалдарындағы жұмыстарды тексеріп, бағалады.

пав 2.jpeg


«Партияны қайта құрылымдау аясында біз тұрғындармен әлеуметтік желілер арқылы да байланысып, өзекті проблемаларды бірден қарастырып, оң шешім шығаруға жұмыс істеп жатырмыз. Халықпен тығыз жұмыс жүргізудің арқасында көптеген мәселені уақытында шешуге мүмкіндік алдық», – деді Nur Otan партиясы Павлодар облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Илья Теренченко.

Партияның бақылау комиссиясы өңірдегі тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бағдарламаларын іске асыруға бөлінген бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуын тікелей қадағалап отыр. Отырыста Екібастұз қаласындағы филиалға қаладағы «Құтты мекен» сумен жабдықтау жобасының тиімді жүзеге асырылуын үнемі назарда ұстау керектігі тапсырылды. Бұл тұрғыда комиссия партияның Екібастұз филиалы төрағасының бірінші орынбасарын аталған салаға тікелей жауап беруін бекітті. Сондай-ақ, Екібастұзда ғана емес, бірқатар ауданда қоғамдық қабылдаулардың жұмысының жүйелі түрде бұзылғаны белгілі болды. Дөңгелек үстелде өңірдегі партия филиалдарының қабылдау кестесін сақтамауы, азаматтардың өтініштерін уақытылы қарамау туралы мәселелер айтылды. Алдағы уақытта бақылау комиссиясы аталған заң бұзушылыққа қатысты тиісті шаралар қолданбақ.