Түрмеге поштамен жолданған сабынның ішінен телефон табылды
Түрмеге поштамен жолданған сабынның ішінен телефон табылды
111
оқылды

Бұл туралы Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті хабарлады.

Қитұрқы әрекетті Департаментке қарасты ЖД-158/7 мекемесі қызметкерлері мен 5513 әскери бөлімінің бақылау тобы анықтаған. Түзеу мекемесіне «Қазпошта» арқылы телефон жіберуге әрекеттенген азаматша жауапқа тартылады.

«Royal Kimi иіс сабынының ішіне жасырылған сәлемдемені ашу кезінде INOI-102 маркалы ұялы телефон, Beeline-ның 1 SIM-картасы мен USB табылып, тәркіленді» делінген департаменттің хабарламасында.

«Қазпошта» арқылы сәлемдеме жіберген азаматша анықталып жатыр. Заңбұзушылыққа байланысты ҚР ӘҚБтК 481-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, сотқа жолданады.