Қитұрқы әрекетті Департаментке қарасты ЖД-158/7 мекемесі қызметкерлері мен 5513 әскери бөлімінің бақылау тобы анықтаған.
Түзеу мекемесіне «Қазпошта» арқылы телефон жіберуге әрекеттенген азаматша жауапқа тартылады.
«Royal Kimi иіс сабынының ішіне жасырылған сәлемдемені ашу кезінде INOI-102 маркалы ұялы телефон, Beeline-ның 1 SIM-картасы мен USB табылып, тәркіленді» делінген департаменттің хабарламасында.
«Қазпошта» арқылы сәлемдеме жіберген азаматша анықталып жатыр. Заңбұзушылыққа байланысты ҚР ӘҚБтК 481-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, сотқа жолданады.