«Ақ жол» партиясының үгіт-насихат тобы бүгін Тараз қаласында өз сайлаушыларымен кездесті. Алдымен партияның Жамбыл облыстық филиалында партия төрағасы жергілікті кәсіпкерлермен пікірлесті.
Партия кәсіпкерлердің жағдайына ерекше көңіл бөліп отыр. «Ақ жолдың» сайлауалды бағдарламасы cалықтық рақымшылық жасауды, шағын және орта бизнесті қосымша құн салығынан, корпоративтік табыс салығынан және мүлік салығын төлеуден босатуды көздеп отыр. Оған қоса шағын және орта бизнес төлем қабілеттілігін толық қалпына келтіргенге дейін салықтан босатуды ұсынып отыр. Партия сондай-ақ ауылдағы шағын кәсіпкерлерді және «өзін-өзі жұмыспен қамтыған» халықты да салықтан толығымен босатуды ұсынды.
Бүгін үгіт-насихат тобы Жамбыл обласындағы бірнеше кәсіпорынды аралып көрді. Олардың қатарында «ПОШ-Тараз» фабрикасы, «Тараз КожОбувь», «Тараз тері зауыты» бар.
«Тараз КожОбувь» өндірістерге қажетті былғары аяқ киімдерді шығарады. Өндіріс өз цехтарында заманауи германдық қондырғыларды орнатқан. Ал «ПОШ-Тараз» аймақтағы ең көне өндірістердің бірі, 1961 жылы іргетасы қаланыпты. 2010 жылы мұнда қуаттылығы 873,6 тонна жаңа жүн өңдеу цехы іске қосылған. Бұл өндіріс те заманауи француздық қондырғылармен жабдықталған. «ПОШ-Тараз» зауытында ақжолдықтар өз сайлауалды бағдарламаларын түсіндіріп, партияны қолдауға шақырды.