"Оңай болмайды, қиындық пен ауру-сырқау болады": Таролог 2021 жыл қандай болатынын айтты
"Оңай болмайды, қиындық пен ауру-сырқау болады": Таролог 2021 жыл қандай болатынын айтты
175
оқылды
2021 жыл -Сиыр жылына белгілі таролог Виктор Александровский мен экономика ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі Әкімжан Арупов болжам жасады.
"Келесі жылы  көшіп-қонушылар көп болады. Өткен ғасырдың 90 жылдарындағыдай болмаса да, шетелге қоныстанушылар саны айтарлықтай өседі. Келе жатқан жыл оңай болмайды, қиындықтар мен ауру-сырқау көріп тұрмын Бұның бәрі пандемиямен байланысты. Алайда дәріханаға кезекке тұрғандардың көп екенін көріп тұрған жоқпын", - дейді таролог Виктор Александровский.
Ал экономика ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі Әкімжан Арупов ғылыми тұрғыдан болжам жасады.
"Көші-қонға келер болсақ, жақын арада ондай болады деп айта алмаймын. Бұл қалыпты, табиғи процесс. Адамдар өздерін дамытатын орта іздейді. Жалпы, елімізде экономикалық өсім болады деп есептеймін. Билік өндіріске қаражат салады, өйткені пандемия біздің импортқа тәуелді екенімізді көрсетті.  Осы шаралардан ауыл шаруашылығы, жеңіл өнеркәсіп дамиды, яғни отандық өнімге иек артатын боламыз. Онлайн оқыту жалғасатын болады. Адамдар өзіне қаржы жұмсап, өзін-өзі дамытатын болады, жаңа кәсіп меңгеруге талпынады", - дейді ол.