Алматы тұрғындары Денис Тенді пышақтап кеткен Құрманғазы – Байсейітов көшелерінің қиылысында ойын-сауық ұйымдастырған.
Zakon.kz-тің жазуынша, жергілікті тұрғын бұған наразылығын білдіріп, әлеуметтік желіде: «Той-думан үшін басқа орынды таңдауға миы жетпей ме?» – деп пікірін жазған.
Шағымданушылар Денис Теннің анасына хабарласқан соң, Оксана Тен ұлы қайтыс болған жерге келген.
Спортшының анасы: «Бұл жердің киелі орын ретінде қалуын қаламаймын. Бірақ біреуге бұл трагедияны фарсқа айналдыру керек болды», – деп ренішін білдірді.
Бұл мәселеге қатысты әнші Айқын Төлепберген: «Ол кезде қалада болған жоқпын. Денис Тен Құрманғазы – Байсейітов көшелерінің қиылысында емес, ауруханада қайтыс болды. Ол жер – қоғамдық орын. Оның үстіне, менің видео түсіру тобым дәл сол жерде видео түсірген жоқ. Сол маңда аялдауға ыңғайлы (50 адам, 3 көлік) болған соң, 10 минуттай тоқтап, тамақтанып, содан кейін заттарын жинап, кетіп қалған. Менің ойымша, мені айыптаған қыз осылайша, «хайп» жасағысы келді», – деп жауап берген.
Әнші басылымға болашақта да сол маңайда видео түсіру жоспарында жоқ екенін айтқан.
Еске сала кетейік, мәнерлеп сырғанаушы, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, 2014 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Тен былтыр Алматыда ұрылардың қолынан қаза тапты.