БҚО-да вагондар рельстен шығып кетті
БҚО-да вагондар рельстен шығып кетті
193
оқылды

Жол апаты 28 қарашада, шамамен 12.00-де Бөрлі ауданы Ақсай қаласында болды, – деп хабарлайды «Мой город» порталы.

Ақсай қаласының әкімі Амангелді Тоғызбаевтың айтуынша, екі бос вагон рельстен шығып, тағы бір цистерна аударылған, бірақ рельстен шықпаған. Апат «Конденсат» АҚ-ның «Синойл» жанармай құю станциясының маңында болған.

– Қалған 14 цистернада бензин болды, бірақ олар жолддан шыққан жоқ, орнында тұр. Жүк «Конденсат» АҚ-ға тиесілі. «Қазақстан темір жолы» АҚ жұмыскерлері мен «Конденсат» АҚ өкілдерінің айтуынша, вагондардың стихиялық қозғалысы орын алып, нәтижесінде осындай оқиға туындаған. Вагондар тұрған темір жол тұйық жол болып саналады, жолаушылар және жүк пойыздары жүретін магистральдық темір жолдарға қатысы жоқ. Апаттың қалай болғанын полиция анықтауда. Зардап шеккендер жоқ», – деді А.Тоғызбаев.

poezd-aksai-3.jpeg