"Шығыс Қазақстан облысының аумағында 2020 жылдың 21 желтоқсанында сағат 00.00-ден бастап 2021 жылдың 04 қаңтары сағат 00:00-ге дейін шаруашылық және (немесе) өзге де қызметпен және халықтың тыныс-тіршілігінің ерекше жағдайларымен шектеу шаралары ұзартылсын", - делінген қаулыда.
Облыс аумағының периметрі бойынша, сондай-ақ Өскемен, Семей, Риддер, Курчатов қалаларының және аудандардың периметрі бойынша шектеу шараларының қолданылу шекаралары сақталады.
Бұрынғыша мына шектерулер сақталады:
қоғамдық тамақтану объектілерінде, ойын-сауық объектілерінде, кәсіпорындарда, мекемелер мен кеңселерде ұйымдастырылған ұжымдарда, көпшілік ойын-сауық, спорттық іс-шаралар, бейбіт жиналыстар, көрмелер, форумдар, конференциялар, жаңа жылдық іс-шаралар (корпоративтерді);
жаппай отбасылық, салтанатты, естелік (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу) іс-шаралары, оның ішінде үйде;
көпшілік жиналатын орындарда (алаңдарда, скверлерде, саябақтарда, серуендеу және жағалау аймақтарында), оның ішінде жабық үй-жайларда (Концерт залдары, клубтар) жаңа жылдық театрландырылған көпшілік қойылымдар, аниматорлар мен қуыршақтар қызметтері, шоу-бағдарламалар, концерттер және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізуге жол бермеуді бақылауды қамтамасыз ету.