Үміткер Ерейментауда туризмді дамытуға күш салады
Үміткер Ерейментауда туризмді дамытуға күш салады
176
оқылды

«Nur Otan» партиясының Ерейментау аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлері сайлауалды науқан жұмыстарын қызу жалғастыруда. Бүгін үгіт-насихат жұмыстарын аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Барлыбаев Сапар Ибрагимұлы жүргізді.

Сапар Ибрагимұлы – партияның белсенді мүшесі, Үмбетей жырау атындағы мәдениет үйінің директоры. Басшы лауазымымен қатар қоғамдық жұмыстардың басы қасында жүретін азаматтардың бірі. Сапар Ибрагимұлы тұрғындармен жиі кездесіп, сайлаудың еліміз үшін қажеттілігін түсіндіріп,  елінің дамуына ат салысуда еңбек ететінін айтып өтті. «Бала – өмірдің сәні» демекші Сапар Ибрагимұлы мәдениет үйінің қызметкерлерімен бірге жыл сайын аз қамтылған отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі балақайларға  Жаңа жылдық мереке сыйлауға тырысады. Партияның сайлауалды бағдарламасында аз қамтылған отбасылар, әлеуметтік осал топтарға жататын отбасылар ерекше назарда болатындығы айтылған. Сапар Ибрагимұлы «Есіктен есікке» акциясы аясында әрбір аудан тұрғынына «Nur Otan» партиясының ел игілігі үшін атқарып жатқан және атқарылатын істері жайлы баяндады. Ауданымыздың туризм саласына да айырықша басымдық көрсету партияның алға қойған мақсатының бірі деп айтып өтті. – Мен туып өскен өлкемнің әрбір азаматының лайықты өмір сүруін қалаймын. «Nur Otan» партиясы атынан депутаттылыққа үміткер болуымның басты себебінің бірі – еліме адал қызмет ету. Сондықтан да болашағымыз жарқын болғанын қаласаңыз, «Nur Otan» партиясы үшін дауыс беріңіз, – деп сөзін түйіндеді.

 «Nur Otan» партиясының Ерейментау ауданы Сайлау қорының қаражатынан төленді.