Ирактан қайтарылған балалардың ішінде 2 жасқа толмағандар да бар – СІМ
Ирактан қайтарылған балалардың ішінде 2 жасқа толмағандар да бар – СІМ
5,158
оқылды

ҚР СІМ ерекше тапсырма жөніндегі елшісі Станислав Василенко елордада өткен баспасөз мәслихатында Ирактан қайтарылған балалардың екеуі ғана Қазақстанда туғанын айтты.

Станислав Василенко – Иракқа жедел топпен бірге ұшып барып, балаларды Қазақстанға алып келуге жауапты болғандардың бірі.

«Бұл – 7-8 ай бойы жүргізілген толағай жұмыстың нәтижесі. Өздеріңіз БАҚ арқылы білгендей, қазақстандық аналар мен балалар Ирактағы түрмелер мен балалар үйінде болған. Ол жақтан барлық қазақстандық баланы алып шықтық. Олардың біреуі – тұл жетім. Әке-шешесі, қарындастары мен бауырлары ғимараттағы жарылыс кезінде қайтыс болған», – деді Станислав Василенко. Қазақстанға қайтарылған балалардың көбі Ирак аумағында дүниеге келген. Екеуі ғана Қазақстанда туған.

«Мемлекеттік органдардан құрылған арнайы топ осы операцияны жүргізді. 14 баланың 12-сі - төрт отбасының мүшелері. 14 баланың 8-і - қыз, 6-ауы - ұл бала. Ең үлкені – 12 жастағы ер бала. Қазақстанда туған. Ең кішісі – 2 жасқа да толмаған қыз бала. Шынымызды айтсақ, Бағдатта бәрі тыныш деп ойлаймыз. Бірақ, жағдай олай емес. Демонстрациялар мен қақтығыстар болып жатыр. Әр көшенің қиылысында блок-бекеттер тұр. Әскер қалаға кіргізілген. Бәрі тыныш деуге келмейді», – деді ҚР СІМ ерекше тапсырма жөніндегі елшісі.


Ирак.jpg