Қар құрсауында қалған көліктерден 16 адам құтқарылды
Қар құрсауында қалған көліктерден 16 адам құтқарылды
124
оқылды
Павлодар облысындағы Ақтоғай ауданы аумағында 6 автокөлік қар құрсауында қалған, деп хабарлайды  Pavlodarnews.kz. Көліктерде 16 адам болған. Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 18 желтоқсан күні сағат 22:00-де Павлодар облысының Ақтоғай ауданында, Ақжол ауылының маңында ауа райының қолайсыздығына байланысты 6 жеңіл автокөлік тұрып қалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға №15 өрт сөндіру бөлімінен 67 шақырым қашықтықта болған. Төтенше жағдай орнына жеке құрамнан 8 адам және 2 техника жұмылдырылып, 16 адам құтқарылды. - Барлық азаматтар медициналық көмекке мұқтаж болмаған. Құтқарушылардың жедел және үйлесімді әрекеттерінің арқасында ешкім зардап шеккен жоқ, - деді департаментте.