Жер пайдаланушылар топырақтың жойылмайтын физикалық құнарлығын қамтамасыз етуі тиіс
Жер пайдаланушылар топырақтың жойылмайтын физикалық құнарлығын қамтамасыз етуі тиіс
219
оқылды
«Ауыл» партиясы атынан  Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат Валентин Хаданович бүгін Қостанайда «Азимут» ЖШС еңбек ұжымымен кездесті. Бұл туралы партияның баспасөз қызметі хабарлады. Үміткер партияның сайлауалды бағдарламасындағы ауылшаруашылығына арналған басым бағыттармен таныстырып, азық-түлік қауіпсіздігіне қатысты өзекті мәселені қозғады. Оның пікірінше,  мемлекетіміздің азық-түлік қауіпсіздігі заңын немесе тұжырымдама-доктринасын әзірлеу қажет. «Бұл тұжырымдама-доктринаға біріншіден, ауыл аумақтарының негізгі табиғи-экологиялық әлеуетін – ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қорғау  негіз болуы керек. Яғни жер иеліктен шығарылмауы керек, Қазақстан Республикасының азаматы еместерге жалға берілмеуі тиіс», – деді ол. Валентин Хаданович ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді пайдалану құқын алған тұлғалар топырақтың жойылмайтын физикалық құнарлығын қамтамасыз етуі тиіс деп санайды. Екіншіден, мемлекет ауыл шаруашылығы саласының өзіндік генетикалық әлеуетін сақтауға және дамытуға кепілдік беруі керек. Үшіншіден, жеке меншік ауыл шаруашылығы машиналарын жасауды дамыту есебінен ауыл шаруашылығының материалдық-техникалық базасын   нығайтуы қажет.

Тұмар МЫРЗА