Оралда өрттен ер адам көз жұмды
Оралда өрттен ер адам көз жұмды
189
оқылды

Оралда тұрғын үйдегі өрт орнынан ер адамның мәйіті табылды.

БҚО Төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасының аға инженері Сағдат Әнес мәлім еткендей, оқиға 20 желтоқсан күні сағат 01:29-да «Парус» саяжай қоғамы Красивая көшесі, 34 мекенжайында болды.

Аумағы 20 шаршы метрлік тұрғын үйдің төбесі мен қабырғасы құлап, түгел өртеніп кеткен. Сағат 02:48-де өрт толықтай сөндірілді. Оқиға орнынан ер адамның мүрдесі табылды. Құтқарушылар үйден 27 литрлік газ баллонын алып шықты. Өрттің себебі анықталу үстінде.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен нақтылағандай, жедел жәрдем сағат 01:33-те шақыртылған.