Қазақстандықтар қаңтар айында неше күн демалады?
Қазақстандықтар қаңтар айында неше күн демалады?
141
оқылды

Қазақстандықтар қаңтар айында демалыс және мереке күндерін қоса есептегенде 13 күн демалады.

Жаңа жыл мерекесі үшін 1, 2 қаңтар күндері ресми түрде демалыс беріледі. Сондай-ақ 2 қаңтар сенбіге сәйкес келетіндіктен, 4 қаңтар да демалыс күн болып белгіленді. Осылайша, қазақстандықтар қаңтардың басында қатарынан 4 күн демалады. Айта кетейік, 2020 жылдың 31 желтоқсаны – жұмыс күні. Сонымен қатар Рождество мерекесіне орай 7 қаңтар демалыс болып бекітілді.