«Канело» Головкинмен жекпе-жекке келісті
«Канело» Головкинмен жекпе-жекке келісті
161
оқылды

Мексикалық Сауль «Канело» Альварес (54-1-2, 36 КО) британиялық Каллум Смитті (27-1, 19 КО) жеңгеннен кейін Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) үшінші рет жұдырықтасу туралы сұраққа жауап берген.

Бұл жайында Vesti.kz. хабарлайды. «Кеше Геннадий Головкин жеңіске жетті. Алда үшінші жекпе-жектерің өтуі мүмкін бе?» деген сұраққа « Ешкімнен қашып жүрген жоқпын. Ең мықтылармен жұдырықтасамын. Үшінші жекпе-жек өткізу мүмкіндігі болса, қабыл аламын. Бірақ мықтылармен жұдырықтасып жатқанымды көрсеттім», - дейді Сауль Альварес. Айта кетейік, бүгін, 20 желтоқсан Альварес төрешілер шешімімен британиялық Каллум Смитті (27-1, 19 КО) жеңіп, екінші орта салмақта WBC, WBA (Super) және The Ring титулдарын иеленді.