Динара Қырықбаева ажырасқанын айтты
Динара Қырықбаева ажырасқанын айтты
255
оқылды
Ойлана келе, жауап беруге бел буыпты.
«Айтатын кез келді... Күн сайын директке жолдасым туралы көп сұрақ келеді. Сондықтан  пабликтер менің сөздерімді асыра сілтеп, өзгертпеуі үшін осы постты жазуға шешім қабылдадым. Біз 5 жыл бірге болдық, екеуміз де қатты жақсы көретін 3 баламыз бар. Бірақ осылай болды, ажырасқанымызға бір жылдай болды. Біз әрдайым бір-бірімізге көмектесіп, қолдау көрсетеміз. Қарым-қатынасымыз жақсы. Өйткені балаларымыздың  әкесі мен анасы болып қаламыз. Менде де, балаларымда да бәрі жақсы, уайымдамаңыздар. Мені бұрыннан танитындар хайпты ұнатпайтынымды біледі. Сондықтан қалай бар, солай жазып тұрмын. Енді бұған қатысты ешқандай пікір болмайды. Түсіністік танытқандарыңызға рақмет», – деп жазды әнші.