МакГрегор UFC-де бірнеше жекпе-жек өткізу үшін жаңа келісімшартқа қол қойды
МакГрегор UFC-де бірнеше жекпе-жек өткізу үшін жаңа келісімшартқа қол қойды
5,129
оқылды

Екі салмақ дәрежесінде UFC-дің экс-чемпионы Конор МакГрегор жаңа келісімшартқа қол қойды,– деп хабарлайды «Чемпионат». Ирландиялық жұлдыздың жаңа келісімі бірнеше жекпе-жекке арналған,– деп жазады vesti.lz.

Бұдан бұрын Макгрегордің бір жылдан астам үзілістен кейін сегіздікке оралатыны туралы хабарланған болатын. 18 қаңтарда ол Лас-Вегастағы UFC 246-турнирінде өнер көрсетеді, оның қарсыласы америкалық Дональд Серрон.

Еске салсақ, Макгрегор UFC-де 2013 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Осы уақыт аралығында ол 11 жекпе-жек өткізіп, оның екеуінде ғана жеңілген.