Ауа райы: боран соғып, қар жауады
Ауа райы: боран соғып, қар жауады
206
оқылды

Еліміздің бірнеше аймағында тұман түсіп, боран соғады.

Желдің екпіні күшейіп, оңтүстік-батыста көктайғақ күтіледі. Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, желдің екпіні 23-28 м/с-ке дейін күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі. Ақмола және Түркістан облысында тұман түсіп, боран соғады. Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады. Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Шығыс Қазақастан облысында боран соғады.

Алматы, Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.