Тимур Құлыбаев тұтынушылық несиелердің өсуі туралы: Бұл уақыт бомбасы
Тимур Құлыбаев тұтынушылық несиелердің өсуі туралы: Бұл уақыт бомбасы
5,128
оқылды

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқасының төрағасы Тимур Құлыбаев Парламент Мәжілісінің депутаттарымен кездесуде соңғы төрт жылда азық-түлік тауарларының бағасы 37%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасы 42%-ға көтерілгенін атап өтті, – деп жазады informburo.kz.

«Осы себептен халықтың нақты ақшалай табысы тек 11%-ға өсті. Халық тұтынушылық несие көмегімен бастапқы қажеттіліктерге арналған табыстың жетіспеушілігін шешуге мәжбүр болды. Азаматтарды несиелеу көлемі өткен жылмен салыстырғанда 22%-ға немесе 6,2 трлн теңгеге дейін өскен (2019 жылдың қыркүйегіндегі жағдай бойынша). Бұл процесте үлкен қауіп бар. Мұндай несиелердің жартысынан көбі (53%) кепілсіз берілген. Мұндай саясат болашақ проблемаларға ықпал етеді. Бұл уақыт бомбасы», ​​– деді Тимур Құлыбаев.

Ол Қазақстанда 2015 жылмен салыстырғанда бағаның айтарлықтай өскенін мысалға келтірді: балалар киімдері – 52%, сырт киім – 43%, сиыр еті – 50%, ірімшік – 50%, нан – 49%, картоп – 30%, май – 51%, кондитерлік өнімдер – 53%.

«Нақты кірістерді өсіру және өмір сүру сапасын жақсарту – бүгінгі таңда бірінші кезекте назар аударуды қажет ететін мәселелер», – Т.Құлыбаев.