Алматы қаласы әкімдігінің қызметкері сыбайлас жемқорлық күдігіне ілінді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап.
«Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен қалалық жоспарлауды бақылау департаментінің лицензиялау бөлімінің бас маманына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ол шенеунік ретінде кәсіпкерден оған құрылыс және монтаж жұмыстарын жүргізуге лицензия бергені үшін 2500 доллар көлемінде пара алды деген күдікке ілінді», – делінген хабарламада.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда, күдіктіге оның кінәсінің дәрежесін анықтай отырып, түпкілікті шешімді сот шығарады.
https://youtu.be/Rw_75d7LSpY