Үш өңірде ескерту жарияланды
Үш өңірде ескерту жарияланды
122
оқылды
Қазақстанның 3 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК. 22 желтоқсанда Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын болады. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Көкшетауда жаяу бұрқасын соғады. Ауа райы болжамының дәлдігі 85-90%. 22-23 желтоқсанда Қарағанды облысынның кей жерлерінде тұман түседі. Ауа райы болжамының дәлдігі 70-75%. 22 желтоқсан күні түнде Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Ауа райы болжамының дәлдігі 85-90%.