Ерейментауда ерекше қажеттілігі бар азаматтар Nur Otan-ның демеуін сезінді
Ерейментауда ерекше қажеттілігі бар азаматтар Nur Otan-ның демеуін сезінді
179
оқылды

Nur Otan партиясының аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Абжиков Медеу Ерболұлы мен облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Акимов Бекім Серікұлы сайлауалды науқан жұмыстарын жалғастыруда. Қос үміткер ерекше қажеттілігі бар азаматтармен кездесті.

Ерейментау ауданында кәсібін дөңгелетіп отырған мүмкіндігі шектеулі жандар баршылық. Солардың бірі, жас кәсіпкер – Ботпаев Сағындық. Nur Otan партиясы кәсіп ашуға ниет білдірген әрбір азаматқа қолдау көрсетуге дайын. «Кедергісіз келешек» атты партиялық жоба аясында  мүмкіндігі ерекше жандарды жұмыспен қамтамасыз ету – партияның басты мақсаты. Ерейментау аудандық жұмыспен қамту орталығы 897 адамды жұмыспен қамтамасыз етті, оның 33-і мүмкіндігі шектеулі жандар. Қоғамдық жұмысқа 237 адам тартылса, жастар практикасы бойынша 27 адам орналастырылған. Шағын кәсіпкерлікке 93 микрокредит, 25 грант бөлінген. Ерейментау ауданы бойынша мүмкіндігі шектеулі жандар үшін барлық жағдай жасалған. Ауданда ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін кедергісіз орта қалыптасты. Паспортталған және бейімделген 133 әлеуметтік инфрақұрылым объектілері бар. Инклюзивті білім беру үшін жағдай жасаған мектептердің үлесі 76,9%-ті  құрайды, балаларды инклюзивті білім берумен қамту 100%-ке ұлғайды. Nur Otan партиясы ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін 133 объектіні (көру, есту қабілеті бойынша мүгедектер, арбадағы мүгедектер, тірек-қимыл аппаратының мүгедектері) талапқа сай етіп бейімдеу үшін қолғабыс етеді. Тұрақты түрде Nur Otan партиясының аудандық филалы тарапынан мүмкіндігі шектеулі жандармен кездесулер өткізіліп, барынша қолдау көрсетіліп тұрады. Кездесу барысында үміткерлер партия үшін дауыс беруге шақырды!

  «Nur Otan» партиясының Ерейментау ауданы Сайлау қорының қаражатынан төленді.