СҚО-да элеватордан 170 млн теңгені қолды еткен күдікті ұсталды
СҚО-да элеватордан 170 млн теңгені қолды еткен күдікті ұсталды
192
оқылды
Солтүстік Қазақстан облысында элеваторға қарақшылық шабуыл жасап, 170 млн теңгені ұрлаған күдікті бір жылдан кейін ұсталды,– деп хабарлайды ҚазАқпарат. Естеріңізге салайық, қарақшылық шабуыл былтыр қараша айында Ақжар ауданында болды. «Талшық Астық LTD» ЖШС ғимаратына маска киген 4 адам басып кіріп, шолақ мылтыққа ұқсас қарумен қорқытып, 170 млн теңгені алып кеткен. СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, күдіктілердің біреуі бір жылдам астам уақыт іздеуде болған. СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасы қызметкерлері оның ізіне түсіп, ұстады. Қазіргі уақытта Көкшетаудың 33 жастағы тұрғыны Нұр-Сұлтан қаласының уақытша ұстау изоляторында отыр. Бұл шабуыл жасаған топтағы екінші күдікті, біріншісі қаңтарда қолға түскен болатын. Полицейлер қазір қалғандарының жүрген жерін анықтау мақсатында жұмыс жүргізіп жатыр.