Рудныйда өртенген пәтерден екі адамның денесі табылды
Рудныйда өртенген пәтерден екі адамның денесі табылды
183
оқылды
Рудныйдағы Октябрьдің 50 жылдығы көшесіндегі бес қабатты үйдің пәтерінен өрт шығып, екі адам қаза тапты. Бұл туралы Aikyn.kz inform.kz сайтына сілтеп хабарлайды. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сенсек, оқиға туралы дабыл кезекшінің пультіне 21 желтоқсан күні 00:55 кезінде түскен. Өрт сөндірушілер келген сәтте екінші қабаттағы екі бөлмелі пәтерден түтін шығып жатты. Сондай-ақ, түтін барлық қабаттарды қамтитын кіреберістерге тез тараған. Жанып жатқан пәтердің есігін аспаппен ашуға тура келген. Ауданы 5 шаршы метрді құрайтын қонақ бөлмесінен пәтер иесінің денесі табылды. Келесі бөлмеде төсекте 1954 жылы туған 2-ші топтағы мүгедек ер адамның мәйіті жатты. ТЖД көмегімен 32 адам, оның ішінде 7 бала эвакуацияланды. Өрт 01:35-те өшірілді. Өртті сөндіруге 11 адам мен 3 техника жұмылдырылды. Айта кету керек, бұған дейін 3 қыркүйекте аталған мекенжайда тұратын тұрғындармен профилактикалық жұмыс журналына белгі қойып, нұсқаулық өткізілген. Сонымен қатар, 22 қыркүйекте жиын барысында тұрғындарға тұрмыстағы өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптары түсіндірілген.