Бірнеше облыста боран соғып, қар жауады
Бірнеше облыста боран соғып, қар жауады
5,183
оқылды

Кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді, көктайғақ болады.

Солтүстік Қазақстан облысында желдің екпіні ­– 15-20 м/с, түнде – 23-28 м/с. Кей жерлерде бұрқасын көтеріліп, тұман сақталады. Павлодар облысында кей жерлерде жел екпіні 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Ақмола, Шығыс Қазақстан облысында тұман түседі, боран соғады. Түркістан, Қарағанды, Жамбыл, Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі. Маңғыстау, Алматы облысында тұман түсіп, көктайғақ болады.

Қостанай облысында боран соғады.