Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында тұрғын үйлер пайдалануға берілді. Қазақстанның Тәуелсіздігі күні қарсаңында көпбалалы отбасылар «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жеке баспанаға ие болды. Аудандағы жаңа үйге қоныстанушылар саны 8 отбасыға артты. Аудан әкімі К.Байгонусов барлығына кілт тапсырып, осы атаулы күнмен құттықтады.
– Тәуелсіздік алғаннан бері елімізде азаматтардың барлық санатын әлеуметтік қолдау бойынша бірқатар мемлекеттік бағдарлама іске асырылады. Елбасы Н.Назарбаев және ел Президенті Қ.Тоқаев тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға ерекше көңіл бөледі. Бүгін осындай тамаша мереке күні біз маңызды оқиғаны, яғни жаңа баспаналарды пайдалануға беріп отырмыз, – деп атап өтті К.Байгонусов. – Қуанышымызда шек жоқ. Жекеменшік үйіміздің болуын көптен армандап едік. Осындай қуанышты оқиғалар көбейе берсін! Мереке қарсаңында жекеменшік баспана алғанымыз – өте маңызды оқиға. Ол ең алдымен Елбасымыз Н.Назарбаевтың данышпан саясатының арқасы. Еліміздің Президенті Қ.Тоқаевқа, облыс әкімі Д.Ахметовке және аудан әкімі Қ.Байгонусовқа үлкен рақмет! – дейді бақытты жандардың бірі. Барлық үйлер «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыру аясында салынды. Аудан кәсіпкерлері үйлерді жеке қаражатына салады. Дайын баспананы мемлекет сатып алады. Келесі жылы ауданда тағы 40 үй тұрғызу жоспарлануда.Гүл БЕКЗАТ