Ұлыбританияның 42 жастағы азаматы Баракат Мохамед қонақүйде қызын өлтіргені үшін айыпты деп танылып, 20 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сот процесі онлайн форматта өтті.
Істі судья Бақытжан Бәкірбаев қарады. Сотталушы Мохамед Баракат адвокатымен бірге тергеу изоляторының ғимаратынан Zoom арқылы сот отырысына қатысты.
Сондай-ақ, отырысқа аудармашы және жәбірленуші тараптың өкілдері қатысты.