Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының мәліметіне сәйкес, Атырау облысы – әзірге коронавирустың таралу қаупі жөнінде «қызыл» аймақта орналасқан жалғыз өңір.
22 желтоқсандағы жағдай бойынша, БҚО мен Нұр-Сұлтан қаласы «сары» аймаққа енген. Бұдан бөлек, бұл аймақта СҚО, Қостанай, Ақмола, Павлодар облыстары орналасқан. Ал қалған өңірлер - «жасыл» аймақта.
Еске салайық, эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін «Теңіз» кен орнында (Атырау облысы) шектеу шаралары күшейтіледі.