Nur Otan ерейментаулықтардың жұмыспен қамтылуын қадағалайды
Nur Otan ерейментаулықтардың жұмыспен қамтылуын қадағалайды
204
оқылды

Әлемдік пандемия елдегі тұрақты экономикаға, дәстүрлі өмір сүру форматына тікелей әсер етті. Осыған орай үкімет дағдарысқа қарсы іc-шараларды әзірледі.

Nur Otan партиясының көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың Biz birgemiz акциясы аясында партияның мүшелері мен еріктілері 525 отбасына азық-түлік қоржынын жеткізіп, 469 адам 50000 мың теңгеден материалдық көмек алды. Дамудың 7 басымдығын алға тарта отырып, кәсіпкерлерді қолдау бөлімінде «Бизнестің жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 49 кәсіпкерге қолдау көрсетті. Ерейментау аграрлық және мал шаруашылығымен айналысуға қолайлы өңір. Ауданымызда бірқатар наубайхана кәсіпорны бар. Наубайханада нәпәқасын тауып жүрген жандар өте көп. Дәл осы наубайхана жұмысшыларымен партия мүшесі Калиев Талғат Асылханұлы жүздесіп, алдағы орындалатын жұмыстың ретімен таныстырып өтті. Партияның алдағы 5 жылдағы негізгі міндеті – халықтың жұмыспен қамтылуы мен табысын сақтау және ұлғайту екенін айтты. ерейментаулық Талғат Асылханұлы жұмыс орнын аралап, әрбір жұмысшымен жеке сұхбаттасып, олардың өтініштері ескерусіз қалмайтынын жеткізді. Ал аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Абжиков Медеу Ерболұлы Төтенше жағдайлар комитеті қызметкерлеріне сайлауалды бағдарламаны таныстырды. Ауданның қауіпсіздігі – төтенше жағдайлар комитетінің қызметкерлеріне тікелей байланысты. Медеу Ерболұлы бөлімшенің ішін аралап, құтқару көліктерімен, құрал-жабдықтардың сапасын қадағалап қайтты. Үміткерлер жиын соңында еңбек адамдарын 10 қаңтарда өтетін сайлауға келуін сұрап, Nur Otan партиясына дауыс беруге шақырды.

  «Nur Otan» партиясының Ерейментау ауданы Сайлау қорының қаражатынан төленді.