"Бүгінде елдің ауызбірлігін бұзуға, азаматтығымызға сына қағуға бәзбіреулер күш салып жүр. Орыстың Жириновский, Никонов, Федоров, Лимонов секілді шолақ саясаткерлерінің «Қазақ халқы болмаған», «Қазақстанның солтүстік аумағы Ресейдің жері» деген арандатушылығы белең алуда.Осы шолақ саясаткерлердің арандатушылығы Қазақ еліндегі қоғамды, орыс тілді аудиторияны негізге алып, елді екіге бөлуге тырысуда.Оның үстіне мемлекеттік маңызы бар Петропавл, Павлодар сынды қалалардың атауы шет тілінде болғаны олардың жұмысын жеңілдетіп отыр.Осындай арандатуышылыққа қашанғы бейжай қарап отыра бересіздер?
Сол себепті, жуық арада Петропавл қаласының атауын қазақиландыруды, байырғы атауы «ҚЫЗЫЛЖАР» атауын беруді және ана тіліміз, ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ үстемдігін арттыруды талап етеміз.Солтүстік Қазақстандағы ағайын ана тіліміз - мемлекеттік тіл - қазақ тілінде сөйлемейінше қауіп-қатерден арыла алмаймыз , - делінген жастар үндеуінде.
Еске сала кетейік, бұған дейін «Намыс» жастар қозғалысының белсенділері Қызылжар және Ертіс атаулары қайтарылуын талап етіп үндеу тастаған болатын.