Атыраулық әйел екі баласын жалға алынған пәтерде тастап кетті
Атыраулық әйел екі баласын жалға алынған пәтерде тастап кетті
401
оқылды
Бұған дейін балалар бейімдеу орталығында да болған. Кәмелеттік жасқа толмаған балаларға тиісті деңгейде қарамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартқан. "Мой город" басылымының ақпаратына сәйкес, әйел өткен жылдың қазан айында пәтерді жалға алған. Ол бес және үш жасар екі қызымен бірге тұрған. Ал бірнеше күн бұрын Ақтауда тұратын 18 жастағы қызы полицияға барған. Бойжеткеннің айтуынша, анасы хабарласып, сіңлілеріне қарауын сұраған. Бұдан соң әйел хабар ошарсыз кетіпті. Соңғы рет оны 5 қарашада жалға алынған пәтерде көрген. Бұған дейін балалар бейімдеу орталығында да болған. Әйел кәмелеттік жасқа толмаған балаларға тиісті деңгейде қарамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Қазір балалар тағы да бейімдеу орталығына жеткізілді. Тиісті органдар әйелді ата-ана құқығынан айыру үшін қажетті деректер жинап жатыр.