Елжан Біртанов: Дәрігерлердің жанайқайын жақсы түсінемін
Елжан Біртанов: Дәрігерлердің жанайқайын жақсы түсінемін
5,237
оқылды

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов маңғыстаулық дәрігердің әлеуметтік желідегі жанайқайына жауап берді.

Елжан Біртанов Facebook-тағы парақшасында: «Өзім де білемін. Кейде емделушілердің ауыр сөзі көңілге тиіп жатады. Бірақ сіз бұл дөрекіліктің бәріне назар аудармай, медицинадағы қызметіңізді әрі қарай жалғастырады деп сенемін. Себебі, қызметіңізге адал маман екеніңіз бірден көрініп тұр. Яғни, сіз – бүгінгі медицина мен халыққа керек нағыз мамансыз. Мен сізге сабырлық тілеймін, ең бастысы, мықты денсаулық! Құрметті әріптестер, абай болыңыздар. Сіздер халыққа керексіздер!» – деп жазды.