Қызылжарлықтар Nur Otan партиясының бағдарламасына оң көзқарас танытты
Қызылжарлықтар Nur Otan партиясының бағдарламасына оң көзқарас танытты
203
оқылды

Қызылжар өңірінде Nur Otan партиясынан аудандық және облыстық мәслихаттарға кандидаттар сайлау науқанының алғашқы күнінен бастап партияның жұмысын түсіндіру бойынша халықпен белсенді жұмысын жалғастырып келеді. Үміткерлер «Есіктен есікке» республикалық акциясын қолдап, үй-үйді аралады.

Акцияны өткізу барысында бизнес, спорт, білім, ауыл шаруашылығы, құқықтану салаларының өкілдерінен жасақталған үміткерлер халықпен тығыз байланыста болды. Аудан тұрғындарымен кездесу кезінде Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтары туралы айтты. Сондай-ақ коронавирустық пандемиядан туындаған қиындықтарға қарамастан елдегі тұрақтылық пен экономикалық дамудың перспективаларын баяндады. Өз кезегінде аудан тұрғындары партия жұмысын жақсарту бойынша өз тілектерін білдіріп, мәселелері мен ұсыныстарын жеткізді. Бүгінгі таңда партиялықтар 15 отбасын аралады. Үміткерлердің арасында кәсіпкер Елена Левина, педагог Алмас Нұркеев, спорт саласының мәселелеріне хабардар Жанат Елеусізов болды. Тұрғындар алдағы сайлаудың ашық және айқын болатынына сенім білдірді. Үздіктерге дауыс беретінін жеткізді. Үміткерлер тұрғындарды 10 қаңтар күні Nur Otan партиясына дауыс беруге үгіттеп, болашақ Қазақстанды бірге дамытуға шақырды. Оған партияның сайлауалды бағдарламасы толықтай жауап беретінін жеткізді.

Nur Otan партиясының Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді