Кандидаттар Қамысқала ауылының тұрғындарымен кездесті
Кандидаттар Қамысқала ауылының тұрғындарымен кездесті
276
оқылды
Nur Otan партиясы Исатай аудандық маслихатының депутаттығына кандидаттар, аудандық партия филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының мүшесі Ә.Сидеғалиев, аудандық маслихаттың хатшысы Н.Мұханбеталиев және аудандық сайлауалды штабтың жетекшісі А.Бекішұлы Қамысқала ауылдық округінде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, ауыл тұрғындарымен кездесті. Сондай-ақ, ауыл тұрғындары Исатай ауданының және Атырау облысының «Құрметті азаматы» Зайдуллин Жайдарбек, Исатай ауданының «Құрметті азаматы», Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, жергілікті ақын-жазушы Бектенов Мұрат және еңбек ардагері Қадіров Айдынғали сынды ел ағаларының шаңырақтарында болып, өсиет-баталарын алды. Кездесу барысында Nur Otan партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір» атты сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды. Үміткерлер партияның ардагерлерге, зейнеткерлерге қамқорлық жасау негізгі міндеттерінің бірі екенін айтты. Оларға қолдау көрсету ұдайы партия назарында болатыны айтылды.

Атырау облысының «Nur Otan» партиясының Исатай аудандық филиалы Сайлау қорының қаражатынан төленді.