СҚО-да ескерту жарияланды
СҚО-да ескерту жарияланды
123
оқылды
 «Қазгидромет» РМК Солтүстік Қазақстан облысында ауа райының құбылуына байланысты ескерту жариялады.
«Күндіз 24 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады. 24 желтоқсанда кей жерлерде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с-ға жетеді» делінген хабарламада.
Сондай-ақ бұл күні Петропавл қаласында бұрқасын соғады. Ескертудің дөп келу ықтималдылығы 90-95 %.