Аралдық 120 отбасы тұрғын үймен қамтылады
Аралдық 120 отбасы тұрғын үймен қамтылады
224
оқылды

2021 жылдың соңына дейін Қызылорда облысы, Арал ауданында «Тұрғын үй жинақ банкі» арқылы 1 қабатты, 4 пәтерлі, 40 тұрғын үй құрылысы салынады. Сондай-ақ «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде аз қамтамасыз етілген көп балалы отбасыларға және тұрғын үй кезегіндегі тұрғындарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін алдағы 5 жылда 241 пәтермен қамтамасыз етуге 474 мың ш.м. тұрғын үй салу жоспарланған. Нәтижесінде 120 отбасы тұрғын үймен және 1594-тей отбасы жер бөлігімен қамтылады. Мұны облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Еркебұлан Аяғанов Арал ауданындағы «Сексеуіл Локомотив» ЖШС ұжымымен кездесу барысында атап өтті.

Сондай-ақ, үміктер партия бағдарламасында қамтылған таза ауыз су, газбен қамтамасыз ету, кәсіпкерлікті қолдау бағыттар бойынша да атқарылатын жұмыстарды атап өтті. Осы ретте теміржол саласынан «Сексеуіл Локомотив» ЖШС пайдалану депосының басшысы Жангелдин Турединов пікір білдірді. «Теміржолшылар арасынан Nur Otan партиясына дауыс беретіндердің қарасы көп. Біз партияның бастамаларын қолдаймыз және жиі назарда ұстаймыз. Бүгін көптеген мәселенің басын ашып алдық. Жағымды жаңалықтар үшін де қуаныштымыз. Мәселен Арал аудандық сайлауалды бағдарламасында «Жайлы аудан» бағыты бойынша партияның 2022-2025 жылдар аралығында аспалы көпір – темір жол өткелінің құрылысына ықпал ететіндігі қатты қуантты» – деп алдағы сайлауда сәттілік тіледі.

Nur Otan партиясы Қызылорда облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді