Баутин тұрғындары таза ауыз сумен қамтамасыз етіледі
Баутин тұрғындары таза ауыз сумен қамтамасыз етіледі
247
оқылды

Түпқараған ауданы Баутин ауылының тұрғындарымен аудандық мәслихат депутатына үміткерлер М.Горький атындағы мектеп-лицейде кездесті. Сайлауалды штаб басшысы Светлана Жолдасова сөз бастап, 2021-2025 жылға арналған Nur Otan партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір» және аудандық филиалдың сайлауалды бағдарламасын таныстырды.

Ауданда тұрақты жұмыс орындарын құру бойынша кешенді шаралар қабылданып, 5 жыл ішінде жаңа инвестициялық жобалар есебінен орта есеппен жыл сайын 1,5 мыңға жуық жаңа тұрақты жұмыс орны құрылады. Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыра отырып 8 мыңға жуық жұмыс орын пайда болмақ. Баутин Баутин теңіз жағалауында орналасқан ірі компаниялардың «HKOK», «Теңіз Сервис» және «Балықшы» мекемесінің мүмкіншіліктерін пайдалана отырып теңіз транспорттық-логистиканы және аудан өнеркәсіп өндірісінің көлемін арттыру көзделіп отыр. Бұл іс-шаралар нәтижесінде 2025 жылға қарай Баутин теңіз сауда портының жылдық жүк тасымалын 5,8 мың тоннадан 14,1 мың тоннаға дейін ұлғайтады. 2021 жылы Баутин аймағында жүк түсіру, тасымалдау, Форт-Шевченко мен Баутин ауыл арасында қоғамдық көлік жүргізіледі, аялдамалар қойылады. 2022 жылы спорт кешені, 2024 жылы стрит-воркаут, ашық спорт алаңы, 2025 жылы мәдениет үйі бой көтереді. Кездесуде аудандық мәслихат депутатына үміткерлер: Айгүл Бөлеева жастар мен балалар үшін үйірмелер ашу, Балғаным Жолдыбаева бүлдіршіндерді балабақшаға қабылдау жеңілдіктерін ұйымдастыру, Аманкүл Қопашова білім саласын дамыту, Жансая Молдажанова жас мамандарға қолдау білдіріп, кадрларды ауылға тарту бойынша жұмыстанатындарын айтты. Ауыл тұрғыны Алтынгүл Қыдырбаева ауылдағы су мәселесін көтеріп, ауыз суды водовозбен тасып отырғанын жеткізді. Бүгінгі заман талабына сай ауыз сумен қамтылса деген өтінішін білдірді. Бұл сұрақ бойынша Nur Otan партиясы 2025 жылға қарай аудан халқын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесін шешуді жоспарлап отыр. Аудан бойынша 25 мыңнан астам адам тұратын ауылдарда орталықтандырылған су құбырлары салынады. Қалған ауылдарда жергілікті сумен жабдықтау көздері (жерасты құрылыстары) орнатылатын болады. 2023 жылы Форт-Шевченко қаласы және Баутин ауылын қамтамасыз ету үшін күніне өнімділігі 5 000 м3 теңіз суын тұшыту станциясы салынады. Жиын соңында қатысушылар ауылдағы жаңалықтарға қуанып, жұмыстарына сәттілік тіледі. Кандидаттар сайлауға қатысуға шақырды.

 Nur Otan партиясының Түпқарған аудандық Сайлау қоры қаражатынан төленді.