Nur Otan – мемлекетіміздегі көшбасшы партия. Мақсат-міндеті елдің әр азаматына лайықты өмірді қамтамасыз етуге бағытталған. Нұротандықтар бар күшін Жаңаөзен қаласының тұрғындарының жағдайын көтере отырып, сапалы білім, медицина, мемлекеттік қызметті алу үшін, ең бастысы мұнайлы өлкенің басты проблемасы болып табылатын жұмыссыздық мәселесін шешуге бағыттайды, – деді Nur Otan партиясы қалалық сайлауалды штабының орынбасары Андрей Нұртаев.
Бұл сөздер «Өзенэнергосервис» мекемесінде өткен жиында айтылды. Кездесуге облыстық мәслихат депутатына кандидат Бауыржан Бердібайұлы мен қалалық мәслихат депутатына үміткерлер Мереке Құлбеков, Қанат Елтезаров, Жақсылық Көптілеуов, Шәріп Ақжігітов, Ибрахим Қаржаубайұлы қатысты. 2021-2025 жылдар аралығында Nur Otan партиясы қаладағы жұмыссыздық мәселесін шешуге ерекше назар аударады. Соның ішінде тұрақты жұмыс орындарын құру бақылауда болады. 5 жыл ішінде инвестициялық жобалар мен мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру арқылы 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Бұл үшін мұнай қалдығынан мазут топырағын тазалау жобасын, жаңа газ өңдеу зауытын, арматура цехын, шиналарды қайта өңдеу цехын құруды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар өндірісте ғана емес әлеуметтік салада кадр тапшылығын шешу, кадрларды қайта даярлау, кадр тарту, жұмыссыз қала азаматтарын Ақтау қаласының туристік аймағын дамыту шеңберіндегі құрылыс жұмыстарына орналастыру жұмыстарына ықпал етеді. Кешенді жоспар аясында 12 инвестициялық жоба жүзеге асып, 268 жаңа жұмыс орны құрылады. 7 басымдықтың екіншісі, яғни жайлы қала бойынша Nur Otan партиясы азаматтардың өмір сүру сапасын жан-жақты арттыруды, таза су, экология және сапалы жолдарға қол жеткізуін қолдайды. Кешенді жоспар шеңберінде тұрғын-үй алу кезегінде тұрған халықтың әлеуметтік осал топтарына Ақтау қаласынан коммуналдық тұрғын үйлерді бере отырып, 2021 жылы – 150 пәтер сатып алуға ықпал етеді. Оған қоса әлеуметтік осал топтар үшін 2022-2023 жылдары «Рауан» шағынауданда жалға берілетін 160 пәтер және қажетті кадр тарту мәселесі бойынша 180 орындық жатақхана салу жұмысы бар. Жалпы 20 беттік сайлауалды бағдарламада бұдан бөлек те қаланы дамыту барысындағы жоспарлы жұмыстар қамтылған. Кандидат Бауыржан Бердібайұлы депутат ретінде сайланған жағдайда бағдарламаның орындалуын бақылауға алатынын, қадағалайтынына сөз берді.Nur Otan партиясы Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының Сайлау қоры қаражатынан төленді