Антициклонның әсерінен еліміздің кей өңірінде тұман түсуі ықтимал, оңтүстік-батыста көктайғақ болады.
Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан облысында жел екпіні 15-20 м/с-ке дейін күшейіп, боран соғады.
Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Түркістан, Атырау, Батыс Қазақстан облысында тұман түседі.
Жамбыл, Түркістан, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, түнде Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман, Жалаңашкөл ауданында желдің күшейіп, екпіні 18-23 м/с-ке жетеді.
Күндіз Қарағанды облысында жаяу бұрқасын соғады, Маңғыстау облысының оңтүстік-батысында көктайғақ болуы ықтимал.
Алматы, Манғыстау облыстарында түнде қатты аяз болады.