Көпбалалы іскер аналарға қолдау көрсетіледі
Көпбалалы іскер аналарға қолдау көрсетіледі
158
оқылды

Аудандағы «Бақытты отбасы» әлеуметтік қолдау орталығының базасында жүзеге асырылған «Іскер ана» жобасына қатысушы көпбалалы аналармен кездесу барысында қала әкімі іскер әйелдердің жетістіктеріне қызығушылық білдірді.

Алатау ауданындағы «Бақытты отбасы» орталығының жетекшісі Ақмарал Басирова биыл 25 мыңға жуық әйелдің түрлі шеберлік курстарында білім алғанын айтты. Қазірдің өзінде олардың көпшілігі табысты іскер әйелге айналды. «Күрделі жағдайларға тап болған көптеген әйелдердің өмірі көз алдымызда өзгеруде. Қиындықтарға қарамастан, олар өз күштеріне сенеді әрі жаңа істерді игеруге уақыт та табады», – деді А.Басирова. Қала әкімі Б.Сағынтаев «Іскер ана» бағдарламасының көпбалалы аналарды қолдауға бағытталғанын еске салды. Олар «Бақытты отбасы» аудандық орталықтарының базасында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында кәсіпкерлік негіздерін оқып-үйренеді. Көпбалалы отбасылардан шыққан 888 адам 555 мың теңгеге дейін грант алды. Олардың 557-сі өздерінің жеке кәсіптерін ашты. Тағы 203 көпбалалы ана 5 миллион теңгеге дейін грант алды, оның жалпы сомасы 406 млн теңге.    width= Алматы қаласының әкімі Б.Сағынтаевтың айтуынша, биыл гранттардың жалпы сомасы 200%-ға  ұлғайып, 700 млн теңгені құрады.

«Бағдарлама сұранысқа ие және нақты нәтижелерді көрсетуде. Сіздермен кездескеннен кейін бұған тағы да көз жеткіздім. Әкімдік көпбалалы аналар арасында кәсіпкерлікті дамытуға қолдау көрсетуді жалғастырады. Жеңілдетілген жалға берілетін үй-жайларды, мысалы, шағын өндірістік парктерде орындарды алуға көмектесеміз. Бұлардан өзге, гранттарға бөлінетін соманы ұлғайту мүмкіндігін қарастырамыз», – деді Б.Сағынтаев.

«Зерделі» ықшамауданының тұрғындарымен әңгіме барысында қала әкімі көтерілген мәселелердің назардан тыс қалмайтынын атап өтті. Соның бірі – «кірістіру» деп аталатын жоспарланған құрылыс, яғни тұрғын үйлерге іргелес жатқан учаскелерде құрылыс жүргізу. Ықшамауданның белсенді тұрғындарының бірі Дана Рахимова тұрғындардың «кірістіру» құрылыстарынан қауіптенетінін айтты. Оның бұл сөзіне Алматы әкімі өзінің тапсырмасы бойынша Жер қатынастары басқармасының осындай жеті учаскені мемлекет меншігіне қайтару мәселесін қарап жатқанын жеткізді. «Бұл учаскелер іргелес салынған үйлер тұрғындарының тілектеріне сай абаттандырылуы тиіс. Мүмкін мұнда ойын, спорт немесе балалар алаңдары қажет шығар», – деп атап өтті Б.Сағынтаев.

Әңгіме барысында қала басшысы Алатау ауданын дамытуға ерекше назар аударылатынын, оның орталықтандыру қағидаты бойынша жүзеге асырылатынын айтып берді.